2012 жылдан бастап Б.Әбдірайым осы орталықты басқарып келген. 2013 жылдың қазанында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Б.Әбдірайым 1965 жылы дүниеге келген, заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, ҚР Заң ғылымдары академиясының академигі.
Б.Әбдірайым ұзақ уақыт бойы Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарында жоғары лауазымды қызметтер атқарған (ҚР Президенті әкімшілігі, ҚР Жоғары Соты, ҚР Парламенті және т.б.). Сонымен қатар, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры қызметін атқарған.
Сонымен қатар, Директорлар кеңесінің жаңа мүшесі ретінде «ӘСЗО» АҚ Президенті, заң ғылымдарының докторы, генерал-майор Карбузов Қозы-Көрпеш Жапарханұлы сайланды.
1959 жылы туылған Қ-К. Карбузов 2013 жылы ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен «ӘСЗО» АҚ президенті болып тағайындалды.
Ұзақ жыл бойы ҚР мемлекеттік органдарында жоғары лауазымдарда қызмет атқарған (ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Қаржы министрілігінің Кедендік бақылау комитеті, ҚР Бас прокуратурасы және т.б.).
Сонымен қатар, отырыста Орталықтың қаржы және әкімшілік шараларына қатысты мәселелер қарастырылды.
Атап айтқанда Орталықтың вице-президенті ретінде Мамытбеков Еділ Құламқадырұлы сайланды.
Е.Мамытбеков 1964 жылы туған, физика-математика ғылымдарының докторы, доцент, Жаратылыстану ғылымдары академиясының мүше-корреспонденті, ҚР Халықаралық Инженерлер Академиясының мүше-корреспонденті.
Ол ұзақ уақыт бойы ҚР мемлекеттік органдарында жауапты лауазымдарда қызмет атқарған (ҚР Үкіметі, ҚР Президенті әкімшілігі, ҚР Индустрия және сауда министрлігі, Кеден Одағы Комиссиясы және т.б.).
Орталықтың вице-президенті болып сайлануынан бұрын «ӘСЗО» АҚ Әскери болжау және озық технологиялар департаментінің директоры қызметі атқарған.