Б. Ақшолақов «KAZENERGY» қауымдастығының бас директоры қызметіне тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының Төрағасы Т.А.Құлыбаевтың бұйрығымен Ақшолақов Болат Оралұлы 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап «KAZENERGY» қауымдастығының бас директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы қауымдастықтың баспасөз қызметінен хабарлады.

Ақшолақов Болат Оралұлы 1993 Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Статистика» мамандығы бойынша бітірді.

1993 жылдан бастап Alem Bank Kazakhstan филиалдар қызметін бақылау департаментінің экономисі, бас экономисі; бағалы қағаздар бөлімінің, дилингтік операциялар бөлімінің бастығы, Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің активтерді басқару департаментінің директоры; "Қазақойл" ҰМК» ЖАҚ ТШО департаментінің менеджері, бас менеджері, директорының орынбасары; "ҚазМұнайГаз" ҰК» АҚ БК бизнес талдаушысы, стратегиялық жоспарлау менеджері, үлестерді басқару жөніндегі қаржы директоры қызметтерінде еңбек етті.

2006 жылдан бастап ҚР Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарушы директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарушы директоры, «PSA» ЖШС бас директоры; «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ президенті, ҚР мұнай және газ вице-министрі, 2014 жылғы қыркүйектен бастап - «Almex Petrochemical» ЖШС бас директоры қызметтерін атқарды.