Б. Аяған: Ғалым ретінде «Қазақстан тарихы» атауын дұрыс деп санаймын

АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - Мектептерге арналған типтік бағдарламалар мен оқулықтар сараптамадан өткізілді.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Бүркітбай Аяған мәлім етті.

«Бүгінде «Қазақстан тарихы» немесе «Қазақ тарихы» деп атаған дұрыс па?,- деген сұрақ қайта-қайта қойылып келеді. Мәселен, әріптестерім «Қазақ тарихы» деп атайық деген ұсыныстар айтуда. Ғалым, автор ретінде менің пайымдауымша, «Қазақстан тарихы» атауы дұрыс болады. Кейбірі «Отан тарихы» атауын ұсынуда. Егер де «Отан тарихы» деп атайтын болсақ, онда «қазақ» сөзі түсіп қалады»,-дейді тарихшы.

«Әлемдік каталогтарға "Қазақстан Республикасы" заңды түрде кірген атау. Сондықтан «Қазақстан тарихы» дегенді дұрыс санаймын»,-деп түйді Б. Аяған.