Б. Бекназаров Сенаттың тұрақты комитетіне мүше болып сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бектас Бекназаров Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі болып сайланды. Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында осындай шешім қабылданды.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Бектас Бекназаров ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалған болатын. Бектас Бекназаров 1956 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, заңгер, заң ғылымының кандидаты. 2011-2013 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы лауазымында болды.