АСТАНА. 11 тамыз. ҚазАқпарат - Бауыржан Ерназаров ҚР Қаржы министрлігі Алматы және Алматы облысы кедендік бақылау департаментінің бастығы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне комитеттің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Бауыржан Ерназаров бұл лауазымда Мұрат Баймұханбетовті алмастырды», - деді баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, Б.Ерназаров бұған дейін Алматы және Алматы облыстық кедендік бақылау департаментінің контрабандамен күрес басқармасының бастығы қызметін атқарған болатын.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.