Б.Иванишвили 17 қарашада қызметіне кірісетін президент Георгий Маргвелашвили сияқты Гарибашвили де өте лайықты премьер болатынын атап өтті.
"Ираклий Гарибашвили министрлікті басқару кезінде лайықты премьер-министр бола алатынын да дәлелдеді. Премьерде үлкен билік болады және Ираклий бұл лауазымға лайық", деп атап өтті Б.Иванишвили.
И.Гарибашвили 1982 жылы 28 маусымда Тбилисиде дүниеге келген. И.Джавахишвили атындағы Тбилиси мемлекеттік университетін бітірген. 2002-2004 жылдары сонымен қатар Париждің Сорбонна университетінің "халықаралық қатынастар" мамандығында оқыды. 2005 жылы Тбилиси мемлекеттік университетінде "халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды. 2004-2012 жылдары Б.Иванишвилидің иелігіндегі Cartu Group компаниясының әртүрлі ұйымдарында басшылық қызметтер атқарды. 2012 жылы "Грузин арманы - Демократиялық Грузия" саяси партиясының негізін қалаушылардың бірі болды. 2012 жылғы қарашадан - Грузия ішкі істер министрі. Грузин, орыс, ағылшын және француз тілдерін меңгерген. Үйленген, екі баласы бар.
Қазіргі премьер сайланған президент Георгий Маргвелашвилиді ұлықтау салтанатынан кейін бір аптадан соң, 24 қарашада саясаттан кетпекші. Б.Иванишвили азаматтық секторды дамытумен айналыспақ.