«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға байқауға қатысу үшін құжаттар қабылдануда

АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 26 наурызында күшіне енген мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес,

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға байқауға қатысу үшін кез келген үміткер ҚР заңнамасын білу бойынша тестілеуден өте алады.

Тестілеуден сәтті өткен жағдайда азаматтар белгіленген үлгідегі сертификатты алады. Тестілеуден өткендігі жөніндегі сертификат «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасу үшін байқауларға қатысуға мүмкіндік береді. Аталмыш сертификаттың жарамдылық мерзімі бір жылды құрайды.

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасу үшін үміткерлерді тестілеуді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен оның аймақтық бөлімшелері азаматтардан өтінімдердің түсуіне қарай өткізіп тұрады.

Тестілеуден өтуді қалайтын азаматтар Агенттікке немесе оның аймақтық бөлімшелеріне келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:

  • 1) белгіленген үлгідегі өтінішті;
  • 2) білімі туралы құжаттардың көшірмесін;
  • 3) еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесін;
  • 4) жеке басын растайтын және ЖСН-ны бар құжаттың көшірмесін.

Құжаттарды жеке әкеліп тапсыруға немесе поштамен жіберуге болады.

Толық ақпаратты 8 (7172) 753585, 733221, 753534,753423, 753531, 753457 телефон нөмірлері бойынша, сондай-ақ Агенттіктің www.kyzmet.gov.kzсайтынан білуге болады.