Б.Момышұлы ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
14:08, 08 Мамыр 2009
АСТАНА. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін елордадағы Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Жеңіс күніне орайластырылған игі шараны «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлектері қауымдастығының бастауымен Астана қаласы жастар ұйымдарының белсенді мүшелері ұйымдастырды.Гүл шоғын қою рәсіміне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов пен ҚР Білім және ғылым министрлігі Тәрбиелеу және жастар саясаты департаменті директорының орынбасары Мадияр Қожахмет қатысты.