Б. Мұхамеджанов Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болып сайланды

АСТАНА. Сәуірдің 23-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары депутат Бауыржан Мұхамеджановты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі етіп сайлау туралы қаулы қабылдады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз бұрын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Бауыржан Мұхамеджанов Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалған болатын. Осыған орай, палата депутаттары Б. Мұхамеджановты Сенаттың тұрақты комитетіне мүшелікке сайлау мәселесін қарап, өзі тілек білдіруі бойынша депутатты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі етіп сайлады. «Бауыржан Әлімұлы тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасын қалауға белсенді атсалысқан азаматтардың бірі. Құқық қорғау саласында көп жылдар бойы жауапты қызметтер атқарған, тәжірибесі мол, білікті заңгер», деген Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, депутаттың жұмысына табыс тіледі.