Б. Нұғманов Поддубный турнирінде қола медаль еншіледі
11:49, 10 Қаңтар 2012
АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - Ресейдің Түмен қаласында грек рим күресінен халықаралық Иван Поддубный турнирі өтіп жатыр.
«Аламан» ұлттық спорт порталының мәліметіне қарағанда, бұл сынға қатысып жатқан біздің балуандарымыз бір қолаға қол жеткізді.
66 келіде Бейбіт Нұғыманов үштікке енді. Оның кіші финалда 2010 жылғы әлем чемпионы Амбако Бачадзені жеңгенін айта кеткен жөн.