«Бүгінде біздің еңбек нарығымызда 455 мың жұмыссыз жүрген азамат бар және өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендердің арасында 585 мың өнімсіз еңбекпен айналысып жүргендер. Олардың табысы күнкөрістен төмен. Демек, 1 миллионнан астам адам жұмыссыз деуімізге болады. Соның бәрін ескерсек, бүгінгі индустрияландыру шаралары біз үшін сол азаматтардың жұмыссыздық мәселесін шешуге үлкен мүмкіндік», - деді ол.
Вице-министрдің атап өтуінше, «Жұмыспен қамту» бағдарламасымен қоса өңірлерде жұмыспен қамту жөніндегі кешенді жоспар әзірленген.
«Солардың негізінде біз осы жылы 322 мыңнан астам жұмыссыз жүрген, өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтарға жұмысқа орнасуға көмек беруді көздеп отырмыз. Өткен 5 айдың ішінде біз 153 мың адамға жұмыс тауып бердік. Оның 52 пайызы, яғни 80 мыңы тұрақты жұмысқа ие болды. Бұл да жақсы көрсеткіш», - деді ол.