деп хабарлайды Associated Press агенттігі.
Содан кейін Иракта соғыстан кейінгі елді қалпына келтіруде жергілікті өкіметке көмек көрсететін американ қарулы күштерінің кішігірім жауынгерлік емес бөлімдері ғана қалатын болады.
Барак Обама кездесуде, сондай-ақ ирак парламентінің парламент сайлауы туралы заңды тезірек қабылдайтындығына үміт білдірді. Ирак парламентіне сайлау 2010 жылдың қаңтар айына белгіленген. Өткен сайлауда «Шиит партияларының блогы» альянсы жеңіске жеткен болатын. Сүнниттер мен шииттердің арасындағы тайталас елдегі күрделі жағдайдың көзі болып отыр.