хабарлайды РБК агенттігі.
«Бүгінгі біздің негізгі міндетіміз - Америка экономикасын қалпына келтіру және жұмыстарынан айрылып қалған миллиондаған американдықтарға жұмыс орындарын қайтару», - деп атап көрсетті Барак Обама өз сөзінде.
АҚШ Президенті Ирактағы соғыстағы АҚШ армиясының жеңісі туралы айтқан жоқ. «Ирактың Америка үшін тиімді серіктеске айналуы үшін, бізі әлі көп жұмыс атқаруымыз керек», - деді ол өз сөзінде.
Тамыз айының ақырғы күндері АҚШ армиясының соңғы бригадасы Иракты тастап шықты. Барак Обаманың жоспарына сәйкес, 2010 жылғы тамыздың 31-індегі жағдай бойынша Иракта 50 мыңға жуық американ әскері қалып отыр, олар «жауынгерлік емес» миссия атқарады - қауіпсіздік сақтауға көмектеседі, ирак сарбаздары мен полицейлерін оқытады.
Естеріңізге сала кетейік, Ирактағы соғыс 2003 жылы басталған болатын. Содан бері ол елде АҚШ армиясының 4 мың 400 сарбазы мен офицері қаза тапты. 32 мыңы жараланды.