Б.Обама Кувейтке АҚШ әскерлерін жібермек

ТАНА. 9 қыркүйек. ҚазАқпарат - Американдық әскерлер жіберілетін кезекті мұсылман елі Кувейт болмақ. Шешім түпкілікті қабылданған жоқ, дегенмен Барак Обаманың әкімшілігі осы нұсқаға бел шешіп отыр, деп хабарлады РБК Associated Press-ке сілтеме жасап.

Вашингтонда американ әскерлері ирактан шығарылғаннан кейін осы елде жағдай елеулі шиеленісуі мүмкін деген қорытындыға келді. Сондықтан да Бағдадтағы үкіметті қолдау үшін көршілес Кувейтке шектеулі контингент орналастырылмақ.

Бес мың адам әлі де Иракта қалады деп күтілуде. Олар осы елдің армиясын жаттықтыруды, даярлық сапасын жақсартуды жалғастыра береді. Вашингтоннан берілген хабарларға қарағанда, ирактықтар танкіні басқара алмайтын көрінеді.

Кувейт бұдан бұрын да АҚШ-тың аймақтағы маңызды одақтасы болып келген. 1991 жылы Саддам Хұсейн әскерлері елді жаулап алғанда, американдықтар ирак әскерін талқандап, Кувейтті босатқан. 12 жылдан кейін нақ осы Кувейт аумағынан Саддам Хұсейн армиясына шабуыл басталған болатын.