Тиісті мәлімдемені америкалық көшбасшы осы уақытта сапармен жүрген Коста-Рикада өткен баспасөз мәслихатында жасады.
Журналистер алдында сөйлеген Б.Обама Сирияға әскерлерді жіберу мәселесін қарастырып отырмағандығын нақты айтып өтті.
«Әскерлерді жіберуді көздейтін сценарийді қарастырып отырғанымыз жоқ», - деп мәлім етті АҚШ Президенті.
Б.Обама сондай-ақ Құрама Штаттар Башар Асадтың үкіметінің химиялық қаруды пайдалануы мүмкіндігіне қатысты қандай да бір асығыстық шешім қабылдамайтындығын атап өтті.