Б.Обама Түркияға сапармен келді

АНКАРА. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Барак Обама Түркияға сапармен келді. Түркия - Обаманың президенттік мерзімі басталғалы бері сапар жасап отырған алғашқы мұсылман елі,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап. Америка-түркия қатынастары 2003 жылы, АҚШ-тың Иракқа басып кіруіне Анкара наразылық білдірген кезінде бұзылған болатын. Дегенмен Обама Ауғанстан бағдарламасы мен Ирактағы әскер санын қысқарту бағдарламасы бойынша, НАТО мүшесі болып табылатын Түркияның қолдауына ие болуды жоспарлап отыр.