Б.Обама ұлттық қауіпсіздік жөніндегі жаңа кеңесшіні тағайындады

АСТАНА. Қазанның 9-ы. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Барак Обама Том Донилонды өзінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі етіп тағайындағанын ресми түрде мәлім етті.

Американдық БАҚ-дың ақпараты бойынша, Т.Донилон ұзақ уақыт бойы ірі американдық компанияларға заңгерлік кеңес берумен айналысқан, деп хабарлайды РБК агенттігі.