Бұл туралы Lenta.ru хабарлайды.
Бьорндаленнің айтуынша, ол өзінің Ослоға жаттығу жиынына аттанып бара жатқанын ескертуге ұмытып кеткен. Спортшыны тексеруге Австриядағы үйіне келген инспекторлар Бьорндаленді таба алмай әлек болған көрінеді.
39 жастағы Бьорндален Олимпиада ойындарында алты алтын, төрт күміс және бір қола жүлде жеңіп алған. Әлем біріншіліктерінде норвегиялық 19 мәрте жеңіс шыңын бағындырған.