Б.Өтемұратов «Темірбанк» АҚ-ның бақылаушы акционері болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» АҚ-ы мен Болат Өтемұратов 35,7 млрд. теңгеге «Темiрбанк» АҚ-ның 79,88 пайыз жай акцияларын, сондай-ақ 1,5 млрд. теңгеге «Альянс Банк» АҚ-ның 16,00 пайыз жай және артықшылықты акцияларды сату және сатып алу бойынша мәмілені аяқтады.

Қор баспасөз қызметінің хабарлауынша, қосымша «Темiрбанк» АҚ 2010-2012 жылдардағы бөлінбеген пайда есебінен «Самұрық-Қазына» АҚ-на 9,1 млрд. теңге мөлшерінде дивидендтер төледі. Мәміленің нәтижесінде «Самұрық-Қазына» АҚ 51пайыз жай және артықшылықты акцияларымен «Альянс Банк» АҚ акцияларының бақылау пакетін сақтап қалады, ал Болат Өтемұратов «Темiрбанк» АҚ-да бақылаушы акционер болады. Реттеуші органдардан екі мәмілені тиісінше мақұлдау 2014 жылғы 20 наурызда алынды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылатын банктердің акцияларын сату қаржы секторын тұрақтандыру бөлігінде дағдарысқа қарсы бағдарламаның кезекті қадамы болып табылады. Ол «Самұрық-Қазына» қорын банктерді басқару жөніндегі өзіне тән емес функциялардан босатады. Тұтастай алғанда, қаржы институттарын беру қаржы нарығына оң ықпал етеді, тәуелсіздік береді және Қазақстанның банктік секторын дамытуда банктердің жаңа меншіктенушілерінің біршама белсенді қатысуына жәрдемдесетін болады», деп атап көрсетті «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Елена Бахмутова.

Болат Өтемұратовтың атап өтуінше, «Темірбанк» акцияларының бақылау пакетін және «Альянс Банк» акцияларының миноритарлық пакетін сатып алу бойынша мәмілелерді аяқтау осы банктерді қалпына келтіру процесінде басты қадам болып табылады. «Темiрбанк» басшылығының алдында көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту және бизнес стратегияны орындау бойынша нақты міндеттер қойылды.

«Мен таяудағы болашақта банктің клиенттері осы банкпен өзара қарым-қатынастар ретінде айтарлықтай жақсарғанын сезінеді деп күтемін. «Альянс Банкке» қатысты «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, Банктің капиталын орнықты түрде қалпына келтіру мақсатында оның сыртқы міндеттемелерін қайта құрылымдау бойынша банк кредиторларының өкілдерімен мұқият және жан-жақты келіссөздер жүргізілуде. Өз тарапымнан, мен «Темірбанктің» капиталын құю және оларды болашақта қосу жолымен «Альянс Банкін» қалып келтіруге қатысуға дайынмын», - деді ол.

Оның атап өтуінше, «Самұрық-Қазына» қоры осындай біріктірілген банкті елеулі көлемде ұзақ мерзімді қор жасауымен қолдауға ниет білдіріп отыр. Сонымен қатар «Альянс Банктің» капиталын қалпына келтіру оның одан арғы болашағын қамтамасыз ету үшін қажетті осы үдеріске қатысу көп дәрежеде кредиторлардың тілегіне байланысты.

«Біз табысты нәтижелерге қол жеткізу үшін кредиторлармен келіссөздерге барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз. Бұл «Альянс Банк» және «Темірбанк» біріктіру үшін негізгі талап болып табылады. «Темiрбанкке» елеулі қаражат пен күш-жігер инвестицияланған, сондықтан біріктірілген банк толық бағалы өмірге икемді болу мүмкіндігіне ие болуы тиіс. Мен «Альянс Банк» қайта құрылымдауды және «Темірбанкпен» біріктіру үдерісін аяқтағаннан кейін біріктірілген банк капиталдың жеткіліктілігі және өтімділік деңгейі бойынша Қазақстанның банктік жүйесі көшбасшыларының бірі болатынына сенемін»,- деді Б.Өтемұратов.

«Самұрық-Қазына» АҚ осымен «Темірбанк» АҚ акционерлері мен кредиторларын қоса алғанда, барлық мүдделі тараптарға мәміле жасау күнінде «Темірбанк» АҚ қайта құрылымдау аясында қабылданған «Самұрық-Қазына» АҚ барлық міндеттемелерінің қолданысы тоқтатылғаны туралы хабарлады.