Кездесудің қатысушылары ТМД Үкімет басшылары Кеңесінің алда өтетін отырысының күн тәртібін талқылап, сондай-ақ Ынтымақтастық аясындағы халықаралық күн тәртібі мен ынтымақтастықты тереңдетудің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
18:50, 30 Мамыр 2014
Б. Сағынтаев Беларусь басшысы Александр Лукашенкомен кездесу өткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев ТМД Үкімет басшылары Кеңесінің отырысына Минскіге келген делегация басшыларымен бірге БР Президенті Александр Лукашенкомен кездесуге қатысты. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.