«Мұның бірқатар объективті себебі бар. Өздеріңіз де білетіндей, рубль бағамының өзгеруі ресейлік мұнай өнімдері бағасының төмендеуіне әсер еткен болатын. Осыған байланысты біздің зауыттарымыздың резервуарлық парктерінде, сонымен қатар қоймаларда өнім іркілісі байқалды. Бұл біздің мұнай өнімдеріміздің ресейліктерге қарағанда біршама қымбаттауынан орын алған еді», - деді Б.Сағынтаев.
Оның атап өтуінше, осыған байланысты ресейлік мұнай өнімдерін әкелуге шектеу қою туралы шешім қабылданған.
«Бұл біздерге зауыттарымызды жартылай босатуға мүмкіндік берді және зауыттарымыздың мұнай өңдеуін одан ары қысқартуына жол бермеді», деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.