АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат - 14 ақпанда ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев Ақмола облысына жұмыс сапармен барады.
Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
«Сапар аясында ол 2011-2014 жылдарға арналған Астана қаласына іргелес жатқан елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын іске асыру барысымен егжей-тегжейлі танысады деп күтілуде», - деді А. Әбибуллаев.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.