«Біз аймақтық ықпалдастыққа ашықпыз, сондықтан біз Еуразиялық экономикалық одақты тек экономикалық принципке негізделген серіктестік ретінде көреміз. Маған: «ЕАЭО саяси одақ па, экономикалық одақ па?» деп көп сұрақ қояды. Тағы қайталаймын, Қазақстан ЕАЭО-тағы ықпалдастығын тек экономикалық одақ ретінде көреді», - деді ол Астанадағы форумда.
Оның атап көрсеткеніндей, Қазақстанның өз көршілерімен тығыз қарым-қатынас орнатуы оның одаққа мүше емес өзге де мемлекеттермен байланыс жасауына еш кедергі келтірмейді.
«Сонымен қатар біз Еуразиялық құрлықтағы ықпалдастықтың дамуына мүдделіміз. «Жібек жолы» тарихи тұрғыда Шығыс пен Батыстың экономикалық негізі болған», - деп атап өтті Б.Сағынтаев.