Келіссөздер барысында Қазақстанда Дүниежүзілік банктің қатысуымен қаржыландырылатын жобалардың жүзеге асырылу жайы талқыланды. Сонымен қатар болашақтағы ынтымақтастық бағыттары айқындалды.
Қазақстан 1992 жылдың шілде айынан бері Дүниежүзілік банктің мүшесі. Осы уақыт ішінде 45 жобаны қаржыландыру мақсатында банк Қазақстанға жалпы сомасы 8 млрд АҚШ долларынан астам қаржы бөлген.