Оның сөзіне қарағанда, дәл осындай норма «Мемлекеттік сатып алулар туралы» жаңа заң жобасында нақты жазылған. Бірінші вице-премьердің пайымынша, құрамында 30-40 адам бар қабылдап алу комиссиясы өз жұмыстарын толық көлемде атқара алмайды.
«Құрылыстың жүзеге асырылу барысын басқаратын жоба-менеджмент компаниялары бар. Егер, бюджет ақшасына мектеп, балабақша не болмаса тұрғын үй салынатын болса, онда біз басынан бастап соңына дейін, жобаның қымбаттауына дейін қадағалайтын жобалық компанияларды жалдай аламыз. Олар құрылыстың мерзімінде жүргізілуін және құрылыс сапасын қадалағауға тиісті. Олардың басым бөлігі жеке компаниялар болады», - деді Б.Сағынтаев.