Әңгімелесу барысында мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық пен Қашаған кен орнын игеру жобасын іске асыру мәселелері талқынды. Сондай-ақ тараптар Ақтөбе облысында геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізу барысын да қарастырды.
Бақытжан Сағынтаев «Тоталь» компаниясының 20 жылдан астам уақыт бойы Қазақстанда табысты жұмыс істеп келе жатқандығын, ірі стратегиялық инвесторлардың бірі екенін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша әңгімелесушілер мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделі екендіктерін білдірді.