«Біз бұл семинарды бүгінгі күнге дейін үш тілді меңгеруді дамыту тұрғысынан жасалған жұмыстарды талдау үшін, осы бағытта қандай резервтер мен мүмкіндіктер бар екенін анықтау үшін өткіземіз», - деді Б.Сапарбаев.
Естеріңізге салсақ, 1997 жылы Қазақстанда тілдерді дамыту туралы «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заң қабылданған болатын. 1998 жылдан бастап Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып келеді.
«Үш тілді еркін меңгерген адамдардың санын арттыруға қол жеткізуіміз керек, сонда Президенттің тапсырмасын орындадық деп айта аламыз», - деп толықтырды Б.Сапарбаев.
Алдында хабарлағандай, Нұр Отан партиясының XVI съездінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бес институтционалдық реформаны жариялай отырып, Қазақстанда үш тілді - қазақ, орыс және ағылшын тілдерін басымдықты дамыту қажеттігін баса айтты.
«Тілдердің үшбірлігін - қазақ, орыс және ағылшын тілдерін дамыту - бұл қоғамды шоғырландырудың, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың кепілі», - деді Мемлекет басшысы.