Жиынға министрліктер, ведомстволар, жергілікті атқарушы органдар басшылары қатысты, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің сайтында.
Атап өтілгендей, 15-19 жас аралығындағы тұлғаларды қосымша иммундеу үшін қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды есепке алып, қызылшаға қарсы 1 млн. доза моновакцина сатып алынды. 15-19 жас аралығын таңдау жасөспірімдердің қызылшаны жұқтыру көрсеткіштерінің жоғары болуына байланысты болды.
Вакцинация қызылшаға қарсы моновакцинаға қарсы жүргізілді. Бұл екпе ДДСҰ-да 1993 жылы алдын ала біліктіліктен өткен. 39 елде тіркеліп, ЮНИСЕФ желісі бойынша 45 елге жеткізіледі.
2015 жылғы 19 ақпандағы жағдай бойынша республикада 881 мың егілуі тиіс балалардың ішінен 59,4 пайызы вакцина қабылдады. 24 ақпанда 185-і медициналық көмкке жүгінген. Бұл жалпы егілгендер санының 0,03 пайызын құрайды.
Тексеру барысында көп жағдайда балалардың шағымдары олардың екпеге жеке сезімталдығына байланысты екені анықталды.
Балаларға толықтай көмек көрсетіледі. Қажет болған жағдайда, стационарға жатқызылады.
Қазір қызылшаға қарсы екпе республика бойынша тоқтатылды.
Жиынды қорытындылаған Б. Сапарбаев вакцинаны сапалы сараптамадан өткізуді, жаппай екпе кезінде талаптарды сақтауды, екпеден кейінгі әсерінің себептерін анықтау бөлігінде өңірлік комиссия қызметін үйлестіру бойынша республикалық жұмыс тобын құруды тапсырды.
Сонымен қатар вице-премьер Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес одан әрі иммундеу жүргізуге бақылауды күшейтуге нұсқау берді. Жергілікті, атқарушы меморгандарға бұл тақыпрыпта алыпқашпа әңгімелердің болмауы үшін БАҚ-пен түсіндіру ақпараттық жұмыстарын жүргізуді тапсырды.