Кеңесте білім және ғылым министрлігінің, Бас прокуратураның, жоғары оқу орындарының, Қазақстанның Азаматтық Альянсы және ҮЕҰ басшылары қатысты.
Отырыс барысында Комиссия қызметінің қорытындылары және ЖОО-ларды тексеру нәтижелері туралы есептер тыңдалды. Сонымен, оларды оңтайландыру нәтижесінде бұрыннан жұмыс істеп тұрған 136 оқу орнының 127-сі білім беру қызметін атқарады. Комиссия мүшелері еліміздің жоғары оқу орындарының қызметі мен оларды жаңғырту туралы халықты ақпараттандыру тұрғысынан ҚР БҒМ-нің ақпараттық-насиахаттау жұмысын күшейту қажеттігін атап өтті. Бұдан өзге, Комиссия сот тәртібінде материалдарды одан әрі сәйкес органдарға бағыттай отырып, екі ЖОО-ны білім беру лицензияларынан айыру туралы шешім қабылдады. Кеңесте сондай-ақ, білім беру стандарттарына сәйкестігі, білікті кадрларды тарту және материалдық-техникалық базаның болуы тұрғысынан бірқатар ЖОО-лардың қызметі туралы мәлімет ұсынылды. Отырыс қорытындысы бойынша Б.Сапарбаев жоғары оқу орындарын жаңғырту тетіктерін жетілдіруге, оларды оңтайландыруға, сондай-ақ түлектерді еңбекпен қамту мониторингісінің тетіктерін жасауға және білім, ғылым және инновацияларды ықпалдастыру деңгейін арттыруға қатысты бірқатар тапсырмалар берді.