«2007 жылы Қазақстанда «Жұмыспен қамту жол картасы» қабылданып, ол дағдарыс кезінде халықтың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етті. Сол кезде елімізде жұмыссыздар саны 1 миллион адамға жетеді деп болжанған еді. Алайда, Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша Үкімет тарапынан қабылданған шаралар бұған жол бермеуге мүмкіндіктерді ашты. Естеріңізде болса, сол уақыттағы дағдарыс кезінде көптеген елдерде ірі кәсіпорындар жабылып, мыңдаған адамдар жұмыссыз қалып жатты. Қазақстанда бұндайға жол берілмеді. Қазіргі кезде де жұмыс орындарын сақтау мен бағдарламаларды жүзеге асыру бағытында «Жол картасы» маңызды рөлді атқаруда»,- деді Б. Сапарбаев.
Осы орайда Үкімет басшысының орынбасары әлемдік экономикадағы күрделі ахуалды ескергенде, Қазақстандағы 5 пайыз көлеміндегі жұмыссыздық деңгейі жоғары емес екендігін жеткізді. Бүгінде кейбір елдерде жұмыссыздық деңгейі 10-нан 20 пайызға дейін жетті.