Б.Шүменов пен Флорес 20 маусымда жепке-жекке шығуы мүмкін
20:34, 29 Мамыр 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA нұсқасы тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы атағы үшін ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов пен америкалық БиДжей Флорес арасындағы жекпе-жек 20 маусымда «MGM Grand»-та (Лас-Вегас) өтеді деп жоспарланған, деп хабарлады BoxingScene.com.
Жекпе-жетке жеңіп шыққан боксшы жеңімпаз ресейлік Денис Лебедевтегі толыққанды чемпиондық титул үшін таласатын болады.
Кештің басты кездесуінде орта салмақтағы әлемнің экс-чемпиондары Эдриан Бронер мен Шон Портер бәсекелеседі, деп жазды sports.kz.