Б. Шүменовтің WBA рейтингіндегі бірінші орны өзгермеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Боксшы Бейбіт Шүменов Бүкіләлемдік боксшылар қауымдастығының (WBA) рейтингісінде көшбастап тұр, деп хабарлайды Sports.kz.

Жаңартылған WBA рейтингінде Бейбіт орташа ауыр салмақ дәрежесіндегі уақытша әлем чемпионы мәртбесін және бірінші орнын сақтап қалды.  Бұл рейтинг қауымдастықтың сайтында жария етілді.  

Боксшы таяу арада Денис Лебедев (Ресей) - Виктор Эмилио Рамирес (Аргентина) екеуінің қайсы жеңгенімен жұдырықтасады. Олар 30 сәуірде Мәскеуде кездеседі.