«Қазақстанның жалпы қарызы 150 млрд. долларға жақындап қалды. Бірақ мұның жартысы фирмааралық қарыздарға жатады. Бұл - сыртқы ірі инвестициялық жобалар арқылы шетел инвесторларынан келетін қаражат», - деді ол.
Министрдің атап өтуінше, аталған қаражат Қазақстанның жалпы қарызы ішіне кіреді. Ал қарыздың қалған жартысы мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор мен банктердің борыштары. Банктердің сыртқы қарызы 2007-2008 жылдардан бастап дағдарысқа қарсы жұмыстар арқылы қаржы институттарына көмектесу және сыртқы қарызды қайта құрылымдау арқылы төмендетілуде.
«Мемлекеттік және квазимемлекеттік қарызды алар болсақ, Елбасының Жарлығымен жаңа бюджеттік саясат туралы тұжырымдама бекітілді. Осы құжатқа сәйкес, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарызы бүгінгі 27 пайыздан 2020 жылға қарай 22 пайызға дейін төмендетуге тиістіміз», - деді Б.Сұлтанов.