Бұл туралы ҚР Конституциясының және ҚХА-ның 20 жылдығына арналған фотокөрмеде сөз сөйлеген Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б.Жексембин айтты.
Б.Жексембин өз сөзінде биыл Қазақстанда кеңінен аталып өтіп жатқан Қазақ хандығының 550 жылдығы мерекесінің маңызы зор екеніне тоқталды.
«Біздің еліміз, біздің халқымыз ғайыптан пайда болған жоқ, біз - мыңдаған жылдар бойы қазіргі Қазақстан территориясында өмір сүрген елдердің ұрпағымыз, сол елдер бізге мемлекеттіліктің бай дәстүрін мұра етіп қалдырды», - деді елші.