«Грант құнын қалыптастыру жүйесіне ерекше назар аудару керек. Ол бізде әлі айқындалмаған. Сондықтан Министрлік аппаратына тек педагогикалық мамандықтарға ғана емес, сонымен бірге басқа да мамандықтар бойынша грант құнын нақты негіздеудің жаңа тұжырымдамасын әзірлеуге тапсырма беремін», - деп атап өтті бүгін Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде Б.Жұмағұлов.
19:10, 31 Қаңтар 2012
Б. Жұмағұлов білім беру гранттарының құнын нақты негіздеуге тапсырма берді
АСТАНА. 31 қаңтар. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - ҚР Білім және ғылым министрі Б. Жұмағұлов мемлекеттік білім беру гранттарының құнын нақты негіздеудің жаңа тұжырымдамасын әзірлеу тапсырмасын берді.