Б.Жұмағұлов: Егерде ҰБТ қорытындысын өзгертуге жүзден бір мүмкіндік болса, мен әркезде талапкерді қолдар едім

АСТАНА. 9 маусым. ҚазАқпарат - Егерде ҰБТ қорытындысын өзгертуге жүзден бір мүмкіндік болса, мен әркезде де талапкерді қолдар едім.

Бұл туралы «Время» газеті оқырмандарының сауалдарына жауап берген Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов айтты.

Еліміздің ұлттық жоғары оқу орындарына оқуға түсуге арналған ең төменгі шектің неліктен жоғарылағандығын түсіндірген министр: «Өйткені бұл мекемелерде ең үздіктер оқуы тиіс. Бұл өзгерістерге дейін жеңілдіктері бар ауыл мектептерінің түлектері алматылық немесе елордалық түлектерге қарағанда өте жиі барынша оңтайлы жағдайда болды. Бұл шындығында да сауалдар туындатты. Қарашадан бастап 4 ай бойы біздер жағдайға мониторинг жүргіздік, сынақ тестілерін өткіздік. Қазірдің өзінде ҰБТ-ның алдын ала қорытындысы дәл осы ауыл мектептерінің көрсеткіштері 15 балға, ал Астана мен Алматы мектептерінікі тек 1-2 балға төмендегенін көрсетіп отыр. Бұдан бөлек, егерде өткен жылы ең төменгі шектен барлық талапкерлердің 10 пайызы өте алмаса, ағымдағы жылы бұл көрсеткіш 30 пайызға жетті», - деді Б.Жұмағұлов.

Бұл ретте министр егерде жеткіншек сабағын жақсы оқып, ҰБТ қорытындысымен келіспесе апелляцияға беру керектігін баса айтқан. «Осы жылдан бастап ҰБТ-ның қорытындысы бойынша Білім министрлігі жанында арнайы құрылған штабқа апелляцияға беруге болады. Егерде ҰБТ қорытындысын өзгертуге тіпті жүзден бір мүмкіндік болса, мен әркезде де талапкерді қолдар едім», - деді ол.