15-тен астам мемлекеттік органдар, Германия Федеративті Распубликасының жастар саясатымен айналысатын Үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдары өкілдерінен құралған делегация жастар саясаты мәселелерін талқылады, деп хабарлайды БҒМ баспасөз қызметі.
Кездесу барысында ҚР БҒМ Жастар саясаты департаменті мен ГФР отбасы, жастар, егде адамдар мен әйелдер мәселесі бойынша Федеральды министрліктің 2012-2013 жж. арналған Қазақстан мен Германияның жастар саясаты бағытындағы ынтымақтастық туралы бағдарлама мен Хаттамада бекітіліп, келісілген екі елдің жастар саясаты бағытындағы ынтымақтастығын жүзеге асыру мәселелері ортақ талқыға салынды.
Отырысты ашқан Б. Жұмағұлов Елбасының қазақстан-герман ынтымақтастығына үлкен ықылыс білдіріп отырғандығын атап өтті. Министр екі ел арасындағы жастар саясаты саласындағы 15-жылдық ынтымақтастықты жоғары бағалай келе, Қазақстанның бұл бағыттағы серіктестікті нығайта түсетіндігіне мүдделі екендігін мәлімдеді. Оған жақында ғана Үкімет өзгертулер мен толықтырулар енгізген жастар саясаты туралы Заң негіз бола алады.
Сондай-ақ, Б.Т. Жұмағұлов жастар саясаты бағытындағы бірнеше басымдықтарды айқындады. Әлеуметтік жастар құрылымдарының, студенттермен алмасу ісін дамыту мәселелері, жастармен жұмыс істеудің сан қилы бағыттарын екі ел өкілдері аса қызығушылықпен талқыға салды.
Германия Федеральды Республикасы отбасы, жастар, егде адамдар мен әйелдер мәселесі бойынша Федеральды министрлігінің басшысы Альберт Клейн-Рейнхард атап өткеніндей, мекеме Қазақстан мен Германияның халықаралық жастар саясатын дамыту бағытындағы тұрақты серіктесі болып табылады.
Қазақстан мен Германия Федеральді Республикасы арасындағы қол қойылған екі меморандум екі елдің мәдени және экономикалық байланысын нығайта түспек.