Бұл туралы бүгін Астанада «Білім беру жүйесін жаңғырту - адами капиталдың сапалы өсуінің басты бағыты» республикалық педагогикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысы барысында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.
«Шын мәнінде оқулық оқушы талабын қанағаттандыра алмай отыр. Қазіргі тарихи білім арқылы оқушының тұлға, азамат және отансүйгіш ретінде қалыптасуына күш салуымыз керек. Азаматтық ұлттық сана қалыптаспаған жағдайда ұрпағымыз тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі бола алмайды. Оқулықтар ескірген әдістеме бойынша дайындалады. Осылайша, оқулық дайын ақпараттан ғана тұрады. Қазіргі заманғы талаптар сақталмайды. Мұғалім осындай оқулықтармен жеке тұлғаны қалай дамытады?» - деді министр.
Оның пайымдауынша, сондықтан білім стандарттарының негізін және оқулықтар мазмұнын қайта қарау қажет.