Бұл тапсырманы Б.Жұмағұлов бүгін, Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде берді.
Білім министрі, Елбасының Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауында атап көрсетілген оқыту үдерісінің құрамдасын күшейту жөніндегі тапсырмасы ведомство жауапкершілігіне артылғандығын айтты.
«Біз үнемі тәрбие жұмысының жаңа әдістері мен нысандары арқылы алдын ала жұмыс жүргізуіміз қажет. Сондықтан осы жылы білім алушы жастарды тәрбиелеудің 2013-2015 жылдарға арналған кешенді бағдарламасын әзірлеуіміз керек. Онда басты рөл «Жас Ұлан» ұйымына беріледі»,-деді министр.
Б. Жұмағұловтың атап өткеніндей, бұл үрдіске министрліктен бастап мектеп директорлары мен әрбір педагог бір кісідей атсалысуы тиіс.