БАӘ әуе кеңістігін толық ашатынын жариялады

АСТАНА. KAZINFORM — БАӘ Азаматтық авиациясының бас басқармасы Біріккен Араб Әмірліктерінің әуе кеңістігінде аэронавигацияның толық қалпына келтірілгенін және уақытша сақтық шараларының жойылғанын жариялады, деп хабарлайды WAM.

Фото: magnific.com

Бұл шешім пайдалану жағдайлары мен қауіпсіздікті жан-жақты бағалау нәтижесінде және тиісті органдармен келісе отырып қабылданды. 

Авиациялық қауіпсіздіктің ең жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін нақты уақыттағы үздіксіз мониторинг жалғасып жатыр.

Бұған дейін Біріккен Араб Әмірліктері әуе кеңістігіндегі шектеулерді 27 сәуірге дейін ұзартқаны хабарланған болатын. 

Сондай-ақ FlyArystan Ақтаудан Дубайға ұшатын рейстерді жаздың соңына дейін тоқтатты.