БАӘ Сырты істер министрлігі аталған хабарды растады және елші Әл Каабидің Қандағарда БАӘ Ауғанстан халқына көмегі бағдарламасы аясында гуманитарлық миссиямен жүргенін атап өтті.
«Елші Әл Кааби Кардан университетімен өзара түсіністік туралы меморандумге қол қою үшін және Халифа бен Зайед Әл Нахайян қорының стипендиясымен қолдау көрсету үшін барған», - делінген Ауғанстан СІМ мәлімдемесінде.
Лаңкестер провинция губернаторының БАӘ дипломаттарын қабылдаған қонақ күту үйіне шабуыл жасады. Ауғандық БАҚ шабуылдан ең кемі тоғыз адамның мерт болғанын хабарлады.