WAM ресми ақпарат агенттігінің мәліметінше, елдің Сыртқы істер министрлігі бұл шешімнің өңірдегі қазіргі ахуалға байланысты қабылданғанын мәлімдеді.
Ведомство аталған үш елдің аумағында жүрген азаматтарды шұғыл түрде елден шығып, отанына оралуға шақырды.
Сыртқы саяси мекеме азаматтардың қауіпсіздігі басты басымдық екенін атап өтіп, шетелде жүрген азаматтарға барлық ресми нұсқаулар мен ескертулерді қатаң сақтауды еске салды.
Сондай-ақ Иран, Ливан және Ирак аумағында жүрген отандастарға алдын алу шаралары аясында БАӘ билік органдарымен байланысқа шығу ұсынылды.
Бұған дейін БАӘ Иран азаматтарының кіруіне және транзитіне тыйым салған болатын.