БАӘ басшысы Хасан Руханиді Иран президенті сайлауында жеңіске жетуімен құттықтады

ӘБУ-ДАБИ. 16 маусым. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірлігінің Президенті шейх Халифа бен Зайед Әл Нахаян Хасан Руханиға Иран Ислам Республикасы президентінің он бірінші сайлауында оның жеңіске жетуімен құттықтау жолдады.

Шейх Халифаның құттықтауында былай делінген: «Біз Сізді президент сайлауындағы жеңісіңізбен құттықтаймыз және Сізге және иран халқына бұдан былай да ілгерілеу және гүлдену тілейміз. Сізбен бірге аймақтың және Біріккен Араб Әмірліктері мен Иран халықтарының игілігі жолындағы бірлескен жұмысты асыға күтеміз. Біз Иран Ислам Республикасымен өзара ынтымақтастыққа негізделген игі қатынастарды ұстап тұруға мүдделіміз».

Сондай-ақ Иранның жаңа президентіне БАӘ вице-президенті және премьер-министрі, Дубай әмірлігінің билеушісі шейх Мұхаммед бин Рашид Әл Мактум, Әбу-Даби әмірлігінің мұрагер ханзадасы және БАӘ қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысының орынбасары шейх Мохаммед бин Зайед Әл Нахайян құттықтауларын жолдады.