Бұған сейсенбі күні БАӘ федералдық ұлттық кеңесінің мүшесі доктор Амаль әл Кубайси деген әйел адамның -елдің тарихында алғашқы рет спикердің лауазымына отырып, аталмыш органның отырысын өткізуі дәлел болды.
Доктор А. әл Кубайси 2011 жылдан Әмірлікте федералды ұлттық кеңесте төрағаның орынбасары болып қызмет етіп келеді. Алайда сейсенбі күні кеңестің төрағасы Мухаммед Әл Мурр отырысқа қатыса алмады, оның орнына А. әл Кубайси отырды.
Әмірліктің БАҚ-тары жазғандай, доктор А. әл Кубайси «сессия барысында сабырлы әрі обьективті болды, спикер ретінде оның тарапынан еш абыржу байқалмады».