БАӘ-де дауыс берген отандастарымыз көп болды

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірлігінде қазақстандықтардың дауыс беруі аяқталуға бірнеше сағат қалды.

Әбу-Дабиде және Дубайда екі сайлау учаскесі - жергілікті уақыт бойынша 20:00-де жабылады. Комиссия мүшелерінің айтуынша, адамдардың көпшілігі дауыс беріп үлгерді.

Күннің 35 градус ыстық болғанына қарамастан, сайлаушылар шыдамдылықпен өз кезекгін күтті. Дауыс беруге келген жастарға, студенттерге ерекше көңіл бөлінді. Оларға БАӘ-дегі ҚР Елшісі Қайрат Лама Шариф өз қолымен естелік сыйлықтар табыс етті.