БАӘ-де қазақстандық қой етіне сұраныс жоғары

Фото: None
ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат БАӘ-дегі Қазақстан Елшілігі Әмірліктер нарығында отандық өнімдерді жылжытуда дипломатиялық демеу беруді жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыдан бір ай бұрын, «Aтамекен» ҰКП отандықкәсіпкерлерлік қоғамдастықтығы мен Қазақстан Республикасының БАӘ-дегіЕлшілігінің бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде Әмірліктерде кеңінен таралған«LuLu» сауда желісінің сөрелерінде қазақстандық ет пайда болғаны жайлыхабарланған болатын. Сондай-ақ,екі ел арасында басқа да сауда және экспорттық жобаларды жүзеге асыру жоспарларытуралы да сөз болған.

Осы мақсатта Әмірліктердегі дипломатиялық өкілдік Қазақстаннан әкелінген қой етінедеген тұтынушылық сұранысты тұрақты түрде зерделеп, бақылап отырады.

Түрліелдерден ет өнімдері кеңінен ұсынылған Шарджа әмірлігіндегі әйгілі Әл-Джубейл(Souq Al Jubail) сауда нарығына барған кезде, жергілікті сатып алушыларменәңгімелесудің сәті түсті. Солардың бірі -Ахмед мырза және оның ұлы Адхам еттаңдауда қазақстандық етке неліктен басымдылық беретіндігі жайлы және қандайнегіздеме бар екендігін айтып берді.

«Қазақстандық ет, атап айтқанда, қой еті бұлжерде өте жақсы бағамен сатылады. Ет өте жұмсақ, иісі жоқ, тез піседі. Бұл малжейтін шөпке байланысты. Қазақстандық қойлар ешбір химикатсыз таза шөптітұтынады деп ойлаймын. Сондықтан біз Қазақстаннан әкелінген етті сатып аламыз»,- деп бөлісті өз ойымен Адхам. «Химиялық заттар қосылатын, сапасызшөп немесе жемді тұтынатын малдың басқа жерлерден жеткізілетін етіне келерболсақ, бұл ет дәміне және оны пісіру уақытына қалай әсер ететіндігін бірденбайқауға болады. Біз сапасыз етке тап болған кездер де болды, ал қазір бізажырата аламыз.

Оған қоса,әкем мен ағам кезінде қасапшы болған. Сондықтан етті қалай дұрыс таңдаукеректігі жайлы тәжірибеміз де бар. Ет бизнесінде тәжірибеңіз болса, әрине, еттуралы және оның қай жерден әкелінгені жайлы білуге тырысасыз, дегенмен, тұтынушылардың көпшілігі бұлтуралы сұрай бермейді. Осы себепті біз қазір Қазақстаннан әкелінетін етөнімдерін таңдаймыз. Біз оны бірінші рет жеп көрген сәттен бастап өзтаңдауымызды жасадық».

Адхамның әкесі Ахмед мырзаныңайтуынша, қазақстандық етті сатып алуыныңөзіндік себебі бар. «Біз өзіміз мысырлық болғандықтан, қазақстандық қой етініңмысырлық қой етімен ұқсастығын бірден байқадық. Біз бір кездері бұл етті алғашсатып алғанда, өте дәмді болар деген үмітпен алып көрдік, барлығы де дәл солайболып шықты»,- дейді ризалық сезіммен.

«Әл-Джубейл»базарына қой етін «Bio Agro Meat Trading» қазақстандық компаниясы жеткізеді,жыл басынан бастап компания БАӘ-ге 30 тоннадан астам салқындатылған етэкспорттаған.

Компанияныңбасшысы Әлімжан Әлімбетов атап өткендей, етті әкелмек бұрын бірқатарсертификаттау рәсімдерінен өту қажет болған. БАӘ-дегі стандарттау саласындағы нормаларға жәнебелгіленген тәртіпке сәйкес, реттеуші органдардың өкілдері Қазақстанға ет өңдеузауытына тікелей барып, бағалауын жасап, кемшіліктерді жою бойынша ұсынымдарынберді. Содан кейін олар комбинатқа қайта келіп, түзетулерді бекітті.

«Санитарлықжәне басқа стандарттарға сәйкестікті белгілегеннен кейін, біздің компанияғаӘмірліктерге қой етін жеткізуге рұқсат берілді. Біз барлығын тиісті жолменжасауға барлық күш-жігерімізді салдық, содан кейін ешқандай мәселелертуындамады», - деп өз тәжірибесімен бөлісті кәсіпкер. Сондай-ақ, ол: «Бізбарлық бағыттар бойынша бір уақытта және жан-жақты жұмыс жасағанымыздың бізгеүлкен пайдасы тиді. Мысалы, біз ет өңдеу комбинатымыздың материалдық базасынанақты қаржы құйған Әмірлік серіктестерді таптық, яғни, олар БАӘ-де қазақстандықет сатылымының келешегі мен кірістілігін көре біліп, инвестиция салды. Бірден өткізу нарығын ойластырдық.Өніміміздің ветеринарлық-санитарлық нормаларын көтердік. Логистика және жеткізумәселесін шештік».

Естеріңізгесала кетейік, қазақстандық экспортты жылжытуға жәрдемдесу -- ҚР Сыртқы істерминистрлігінің экономикалық дипломатияны жүзеге асыру шеңберіндегі маңыздыбасымдықтарының бірі болып табылады.

ҚазақстанРеспубликасының БАӘ-дегі Елшісі Мадияр Меңілбеков бұдан бұрын атап өткендей,Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің жұмысындағы маңызды міндетіқазақстандық кәсіпорындар өнімдерін сыртқы нарықтарға жылжыту болып табылады:«Біздің Елшілік БАӘ нарығының ерекшеліктерін және реттеу шарттарын ескереотырып, азық-түлік өнімдерін қоса алғандағы қазақстандық тауарлардыэкспорттаушыларға қолдау көрсету және дипломатиялық көмек көрсету үшін барәлеуетін пайдалануға және барынша арттыруға бар ынтасын салады».

ЕлшіМ.Меңілбековтің айтуынша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жақында өткен кеңейтілгенотырысында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ауыл шаруашылығына және шетелдікинвестицияларды тартуға ерекше назар аударды.

«Әмірліктер бизнесі қазақстандық аграрлық сектордақазірдің өзінде жұмыс істеп жатыр, ал біз өз тарапымыздан бұны назарымыздаұстаудамыз. Меніңойымша, біз дипломатияның экономикалық бағытының екі жағын да қамти аламыз,яғни, қазақстандық экспортты қолдау арқылы біз шетелдік инвестицияны тартуға даынталандырамыз. Егер шетелдік кәсіпкерлер өздері өндірістік қуаттарға ие болсанемесе олардың үлесі болса, онда Әмірліктердің өзін алар болсақ, оларға импорттау өзіндік құны бойынша арзанғатүседі, ал бәсекелестік артықшылықтарына байланысты айналымды арттыра алатынболады. Сәйкесінше, қазақстандық бизнес үшін де бұл тиімді. Бұл -- екі тараптыңынтымақтастығы. Біздің мақсат осындай» -деп атап өтті ол.

Қазақстанныңдипломатиялық өкілдігінің басшысы сондай-ақ, Әмірліктер өз аумағында азық-түліктауарларын сату үшін қолайлы жағдайлар жасағандығына тоқталды. «Әрине, бірінші кезекте сапа талаптарыжәне стандарттарға сәйкестік мәселесі тұрады. Оған қоса шынайы бәсекелестікжағдай жасалған және сапалы өнімдерді жеткізе алатындар ешбір кедергісіз онысата алуға мүмкіндіктері бар. Нарық бәріне ашық, ал біз, өз тарапымыздан, онырастай аламыз» - деп бөлісті М.Меңілбеков.

Әмірліктертарапынан Қазақстан мен БАӘ арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялықынтымақтастық БАӘ Премьер-министрінің орынбасары – БАӘ Президенті істеріжөніндегі министрі Шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянның тұрақты назарындаекендігін атап өткен жөн. Бұл екі елдің бизнесі арасындағы экспорт-импорттыққатынастардың дамуын айтарлықтай дәрежеде ынталандырады.

БАӘ-нің ТМДелдерімен халықаралық байланысы бойынша үйлестірушісі, доктор Мұхаммад Арика мырзаның айтуынша,Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы ауыл шаруашылығы және, атап айтқанда,азық-түлік өнімдері саласындағы ынтымақтастық әлеуеті өте перспективалы болыптабылады.

«Қазақстанауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы саласында бірқатар маңызды бәсекелестікартықшылықтарға ие. Сіздердің артықшылығыңыз - өндірістің табиғи жағдайларыжәне өнімнің экологиялық тазалығыныңжоғары дәрежесі», - деп бөлісті өз ойымен М.Арики. – «Егер қазақстандықөндірушілердің аграрлық ресурстарын техникалық және инновациялық тұрғыданкөтерсе және БАӘ стандарттарымен қатар болуын қамтамасыз етсе, БАӘ-ніңазық-түлікпен қамту саласындағы стратегиялық мақсаттары шеңберінде және қысқажәне ұзақ мерзімді перспективада тұтынудың артуы болжамын ескере отырып,тұрақты және ұзақ мерзімді серіктестікті дамытуға болады. БАӘ-ге ауылшаруашылығы өнімдері мен азық-түліктердің сапалы импортын қамтамасыз ету үшінБАӘ бизнесі Қазақстанның аграрлық секторына инвестиция салуға дайын боладыдеген сенімдемін. Қазақстаннан экспорттауға деген қызығушылық Қазақстанға нақтыинвестициялық салымдарды қамтамасыз етуі мүмкін», - деп тұжырымдады БАӘ өкілі.

Қазақстандықет өнімдері Әмірліктер тұтынушыларының көңілінен шығуда. Біз осы экспорттықбағыттың әр түрлі аспектілерінің дамуы туралы жұртшылықты хабардар етудіжалғастырмақпыз.

Соңғы жаңалықтар