БАӘ-де ұйымдасқан қылмыстық топтың тағы бір мүшесі құрықталды

АСТАНА. 2 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның Қаржы полициясы және Біріккен Араб Әмірліктерінің құқық қорғау органдары бірлесіп жүргізген шұғыл-іздестіру іс-шаралардың нәтижесінде Әбу-Дәби қаласында ұйымдасқан қылмыстық топтың тағы бір мүшесі - Бақыт Отарбаев қолға түсті.

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім етті.

Ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және басқарды, ұзақ уақыт бойы «Қорғас» және «Қалжат» кеден бекеттерінде экономикалық контрабандамен айналысты деген айыптар тағылған Б.Отарбаев, бұған дейін қылмыстық іздеу органдарынан бой тасалап жүрді, кейін оған іздеу жарияланды.

Қазіргі уақытта Агенттік Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы арқылы Отарбаев пен Біріккен Араб Әмірліктерінде ұсталған ҰҚТ-ның тағы бір мүшесі Қайырбаевты Қазақстанға экстрадициялау процедураларын жүргізуде.