БАӘ-де жағажай демалушыларына арналған кітапхана ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - БАӘ билігі жағажайда демалу адамды рухани дамытпайды деп шешіп, бұл олқылықтың орнын толтыру үшін Парсы шығанағы жағалауында кітапхана ашуды қолға алған. ИТАР-ТАСС-тың хабарлауынша, Әбу-Дабиде жағажайсүйер қауымға арналған алғашқы кітапхана есігін ашты.

«Сауалнамаға қатысқандардың 90 пайызына жуығы бұл бастаманы қолдап отыр. Бұрын кітапхананың орнында дүкен тұрған. Ондай дүкендердің біздің елімізде мыңы бар. Бұдан былай адамдар тек қана күнге қыздырынып қоймай, сонымен қатар кітап оқуға мүмкіндігі болады»,- дейді Әбу-Даби муниципалитетінің өкілі Адель аль-Рабиаа.

Алғаш мұндай кітапхана Әбу-Даби орталығындағы отбасылық жағажайда ашылыпты. Кітапхана сөрелерінен БАӘ тарихы мен мәдениеті жайында, автобиорафиялық кітаптар, сурет альбомдары ойып орын алған. Сондай-ақ, әлем әдебиетінің үздік туындылары мен балаларға арналған кітаптар да қойылған. Оған қоса қолданушыларға ең заманауи планшеттер мен компьютерлер беріледі. Әмірлік билігі болашақта осындай кітапханалар желісін құруды жоспарлап отыр.