БАӘ-де ЖИ арқылы ишара тілін аударып беретін қосымша жасалды

АСТАНА. KAZINFORM — Біріккен Араб Әмірліктерінде көптілді жасанды интеллект (ЖИ) негізіндегі ишара тілін аударушы қосымша жасалды. Бұл қосымша есту қабілеті төмен адамдарға қарым-қатынас жасауға, білім алуға және жұмыс істеуге мүмкіндік беріп, тілдік кедергілерді жояды, деп хабарлайды Emirates News Agency.

Фото: Jibek Joly

Абу-Даби университетінің зерттеушілері әзірлеген HearMe қосымшасы ишара тілін мәтінге және керісінше аудара алады. Қосымша жасанды интеллект қолдану арқылы жұмыс істейді және әртүрлі елдерден келген есту қабілеті төмен адамдарға мектепте немесе жұмыста нақты уақыт режимінде қарым-қатынас жасауға көмектеседі. Сонымен қатар, қосымша әртүрлі ишара тілдері арасында аударма мүмкіндігін де қолдайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық ғалымдар қазақша ым-ишараны танитын жүйе ойлап тапқан еді.

Ал былтыр қазақ ым-ишара тілі мен дактиль әліпбиін қабылдау мәселесі пысықталды.