БАӘ ұлттық сейсмологиялық орталығының хабарлауынша, таңертең сағат 9.44 Кешм қаласының маңында (Иранның оңтүстігіндегі Хормозхам провинциясы) жер сілкінісі болды. Оның күші Рихтер шкаласы бойынша 5.1 балды құрады.
4.0 балл деңгейіндегі жер сілкінісі Думай мен елдің солтүстік әмірлігінің өзге қалаларында сезілді. Дубайда қауіпсіздік мақсатында «Даунтаун Дубай», «Дубай медиа сити», «Дубай Марина» және т.б аудандардағы зәулім ғимараттардан адамдар қауіпсіз жерге шығарылды. Шарджа әмірлігінің мәліметінше, зілзаладан жапа шеккендер туралы хабар түскен жоқ.